Мектептерге шабуылды айыптады

Нигерияда мектептерге шабуыл мен алып қашыру оқиғалары 1,3 миллион балаға әсер етті.

1705572
Мектептерге шабуылды айыптады

БҰҰ Гуманитарлық көмек Нигерия координаторы Эдуард Каллон Білімді шабуылдардан қорғаудың халықаралық күніне орай хабарлама жариялады.  Ол елдің түрлі уәлаяттарындағы мектептерге жасалған шабуылдар мен адам алып қашыру оқиғаларын айыптады.

Каллон соңғы оқу жылында Нигерияда мектептердің шабуыл мен алып қашыру оқиғаларының 1,3 миллион балаға әсер еткенін білдірді.

Ол елде мектептерді нысанаға алған шабуылдардың артқанын атап көрсетті, үкіметті осы шабуылдарға үнсіз қалмауға шақырды.

Каллон осы оқиғалардың болашақ ұрпаққа тікелей зиянды екенін айтты.

Нигерияда соңғы айларда көптеген мектептен балалар алып қашырылды.



Ұқсас жаңалықтар