Еуроодақ Талибанмен шартты байланыс жасайды

Еуропа Одағының Ауғанстандағы өкілетті елшісі Андреас фон Брандт Талибанмен шартты түрде байланыс жасайтындарын айтты.

1703536
Еуроодақ Талибанмен шартты байланыс жасайды

Еуропа Одағының Ауғанстандағы өкілетті елшісі Андреас фон Брандт Талибанның әйелдер мен қыз балалардың құқықтарына құрмет көрсетуі Еуроодақпен байланыс орнатудың шарттарының бірі екенін айтты. 

Андреас фон Брандт Бельгия бас  қаласы Брюссельде Еуропа Парламентінің Адам құқығы комитетінің отырысындағы сөзінде Еуропа Одағының әйелдер құқығын, адам құқығын және адам құқығын қорғаушылардың құқықтарын қорғауды жалғастыратынын білдірді.

Өкілетті елші:

"Әйелдер мен қыз балалардың құқықтарына құрмет көрсету Талибан және жаңа үкіметпен саяси диалог немесе байланыс орнатудың шарты болатыны және соңғы 20 жылдағы табыстың қорғалуы ғана емес, жалғасуын қамдайтыны жөнінде уәде беремін" деді.

Ауған үкіметінің кең көлемді болуы керектігін, алайда мұның "бір әйелді үлгі ретінде көрсетумен" болмайтынын айтқан Андреас фон Брандт Еуроодақ принциптерін қорғайтынын және алға тартқан шарттар қабылданғанда Талибанмен байланыс жасайтынын айтты.

Андреас фон Брандт:

"Қазір Ауғанстанда үлкен өзгеріс болмады. Әрине мұны анықтау қажетті. Дегенмен бұл жақсы жағдай" деді.



Ұқсас жаңалықтар