Талибан: "Бізге Қытай көмектеседі"

"Қытай біздің әлем нарығына ашылатын қақпамыз болады" деді ол.

1701514
Талибан: "Бізге Қытай көмектеседі"

Талибан мәлімдемешісі Забихуллах Мүжахид Ауғанстанның қайта құрылуында өздеріне Қытайдың көмектесетінін айтты.

Талибан мәлімдемешісінің Италияның беделді «La Repubblica» газетінде «Талибан ретінде Италияның бізді мойындауын қалаймыз» және «Қытай бізді қаржыландырады» деген сұхбаты жарияланды. Аталмыш сұхбатта Мүхажид Қытаймен қатынастар туралы «Пекин елді қайта құруда бізге көмектеседі.  Біздің негізгі серігіміз болады. Елімізге инвестиция салу және қайта құру тақырыбында дайын болуы біз үшін үлкен мүмкіндік» деді.

Ол Қытайдың «Белдеу жол» бастамасына көңіл бөлетіндерін айтты.  «Осы жоба ежелгі Жібек Жолын қайта жандандырады.  Айырықша қытайлардың арқасында өңделетін бақыр кеніміз бар.  Қытай біздің әлем нарығына ашылатын қақпамыз болады» деді ол.

Мүжахид аймақта салмақты серік Ресеймен де жақсы қатынас құратындарын,  Мәскеудің халықаралық бейбітшілік шарттарын жаратуда дәнекер болуын жалғастыратынын білдірді.

Ол «Түркия мен Катар Кабул әуежайын қайтадан іске қосуға талпынады. Алдымыздағы үш күнде толығымен тазаланады.  Қысқа уақытта қайтадан салынады. Қыркүйек айында ісін бастайды деп сенемін» деді.

Мүжахид Италиямен қатынастарды қайта реттеу керектігін айтып: «Италия Ауғанстандағы елшілігін қайта ашар деп үміттенеміз. Сіздің ел – біз үшін маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар