Талибан Ислам үкіметін құруға дайындалуда

Молда Хибетулла Ахундзаде төраға болған жиналыста "Исламдық үкімет құру", "Халыққа жақсы қарау", "Мал-мүлік пен ұйымдардың қорғалуы" тақырыптары талқыланды.

1700411
Талибан Ислам үкіметін құруға дайындалуда

Талибан мәлімдемешісі Забихулла Муджахид Талибан басшыларының Ауғанстанда үкімет құру жұмыстарын талқылағанын айтты.

Забихулла Муджахид Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде Талибан басшылық алқасының Кандахар қаласында өткізілген үш күндік жиналысы жайлы хабарлады.

Талибан көшбасшысы Молда Хибетулла Ахундзаде төраға болған жиналыста "Исламдық үкімет құру", "Халыққа жақсы қарау", "Мал-мүлік пен ұйымдардың қорғалуы" тақырыптары қаралғанын айтқан Муджахид:

"Сенбі күні басталған және дүйсенбі күні аяқталған жиналыста елдің саяси, қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелері толық қолға алынды" деді.

Ауғанстанда "Көлемді Исламдық үкімет" құрылатынын хабарлаған Талибан бір делегация құрып бұрынғы президент Хамид Карзаи, Ұлттық бірлік жоғарғы кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллах және Хизби Ислами партиясының лидері Гүлбеддин Хикметярпен кездесті. 



Ұқсас жаңалықтар