"Ешкім Ираннан қорықпасын"

Ирч Месжиди елімен Сауд Арабиясы арасында Бағдатта 3 мәрте кездесу өткенін білдірді.

1699763
"Ешкім Ираннан қорықпасын"

Иранның Ирактағы өкілетті елшісі Ирч Месжиди елімен Сауд Арабиясы арасында Бағдатта 3 мәрте кездесу өткенін және кездесудің жалғасатынын айтты.

Месжиди Бағдатта өткізген Рафидейн форумындағы сөзінде Иранның аймақ елдерімен диалогты қолдайтынын айтып:

"Иран аймақтағы барлық елмен бейбітшілікті негіз еткен қарым-қатынасты қолдайды және Сауд Арабиясымен өзара құрмет көлемінде диалог жасайды" деді.

Ирч Месжиди елімен Сауд Арабиясы арасында Бағдатта 3 мәрте кездесу өткенін білдіріп:

"Келесі кездесу Ирандағы үкімет құру жұмыстары аяқталғаннан кейін өткізіледі" деді.

Ешкімнің Ираннан қорықпауы және алаңдамауы керектігін айтқан Месжиди Иранның террормен күрес желісінің алдыңғы қатарында тұрғанын білдірді.

Месжиди Иракта террористік ұйым ДАИШ-пен күресте және электр қызметі жөнінде жәрдемші болғаныдарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар