Мексика ауған журналистерді қабылдады

Журналистерді Сыртқы істер министрі қарсы алды.

1698213
Мексика ауған журналистерді қабылдады

Мексика Ауғанстаннан эвакуацияланған 124 ауған журналисті елге қабылдағанын хабарлады.

Сыртқы істер министрі Марсело Эбрард және делегациясы Ауғанстанда The New York Times секілді баспасөз органдары үшін жұмыс істейтін журналистерді әуежайда қарсы алды.

Twitter есебінен жазба жариялаған министр Мексиканың гуманитарлық баспана сұраныстарына қолдау беруге шешім қабылдағанын білдірді. «Бүгін адам өмірі үшін маңызды, бірақ Мексикаға келген осы топтың баспасөз еркіндігі және хабарласу құқығы секілді көптеген құндылыққа өкілдік еткенін атап өткім келеді» деді ол.

Мексика ауған журналистерді отбасыларымен бірге күтіп алды. Журналистер уақытша гуманитарлық қорғау талап еткен.

Мексика 25 тамыз күні Ауғанстаннан эвакуацияланған халықаралық жүлделерге ие бес ауған әйелді елге қабылдағанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар