Кабулдағы шабуылда қаза тапқандар 110 адамға жетті

Талибан өздеріндегі шығынның 28 адам екенін хабарлады.

1698645
Кабулдағы шабуылда қаза тапқандар 110 адамға жетті

Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында болған жарылыста қаза тапқан адам саны 110-ға көбейді.

150-ден асам адам жарақат алған оқиғада Америка Құрама Штаттарының 13 әскері қаза тапты.

Талибан өздеріндегі шығынның 28 адам екенін хабарлады. 

Батыстық бір қауіпсіздік қызметкері шабуылдан кейін бейбіт тұрғындарды эвакуациялаудың жылдамдағанын және ұшақ рейстері жалғасып жатқанын айтты. 

Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында кеше үш бөлек жарылыс болған еді.

Террор ұйымы ДАИШ шабуылдың жауапкершілігін мойнына алды.

Шабуылдарды көптеген ел және Талибан айыптады.

АҚШ Президенті Джо Байден Ауғанстандағы шабуыл жайлы:

"Шабуылды жасағандарды аулаймыз" деу арқылы өш алуға уәде берді.

Джо Байден:

"Бұл шабуыл ДАИШ/Хорасан аталған топ тарапынан жасалды" деді.

Соңғы кезде  ДАИШ/Хорасанның Кабул әуежайына шабуыл жасайтыны жайлы мәліметтер алғанын айтқан Байден сол себепті Ауғанстандағы міндетті 31 тамызға дейін  аяқтауға шешім жасағандарын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар