Газа секторына жасалған шектемелер жеңілдетіледі

Израиль Газа секторына жасалған шектемелерді жеңілдететін болды.

1697741
Газа секторына жасалған шектемелер жеңілдетіледі

Израиль жаулау астындағы Газа секторындағы халықаралық және азаматтық жобаларда қолданылатын кейбір жабдықтар мен өнімдерде жасалған шектемелерді бүгіннен бастап сатылы түрде жеңілдететін болды. 

Израиль армиясының мәлімдемесіне қарағанда қауіпсіздік жағдай қолға алынғаннан кейін Израиль гуманитарлық мәселелерді бұрынғы қалпына келтіру үшін Газа секторында экономикалық салада бірқатар жеңілдіктер жасай бастады. 

Мәлімдемеде импорт көліктерінің кіруімен қатар Газа және Батыс Шерия арасындағы  саудаға рұқсат берілетіні білдірілді. 

Мәлімдемеде Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Ханун шекара қақпасынан Израильге газалық саудагерлердің өтуі үшін белгіленген санның тағы мың адам қосылғаны баяндалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар