АҚШ азаматтары 31 тамызға дейін шегінеді

Байденнің Пентагоннан Ауғанстан жайлы төтенше жағдай жобасын дайындауды сұрағаны білдірілді.

1696651
АҚШ азаматтары 31 тамызға дейін шегінеді

АҚШ президенті Джо Байден Қорғаныс министрлігі Пентагонның ұсынысына сай Ауғанстандағы азаматтарды әкелу процесін 31 тамыздан бұрын бітіру ниетінде.

АҚШ баспасөзінің Ақ Үй лауазымдыларын негіз еткен хабарына қарағанда Байден кеше Үлкен-7 лидерлерімен кездесуінен кейін Ауғанстандағы эвакуациялау және шегіну процесіне байланысты шешім жасады. 

Лауазымдылар Пентагонның Байденге эвакуациялау процесін 31 тамыздан кейінге ұзартпауды ұсыныс еткенін, Байденнің осы ұсыныс бойынша аталмыш уақытқа адал болатынын жеткізді.

Байденнің Пентагоннан төтенше жағдай жобасын дайындауды сұрағаны білдірілді.

Талибан мәлімдемешісі Забибуллах Мужахид баспасөз жиналысында Ауғанстаннан эвакуациялаудың шетелдік күштердің шегінуі үшін белгіленген 31 тамызға дейін аяқталуы керектігін айтқан болатын. 



Ұқсас жаңалықтар