231 босқын ұсталды

Операция барысында құтқарылған босқындардың 104-і – африкалық, қалғандары тунистік.

1696777
231 босқын ұсталды

Тунис маңында 231 заңсыз босқын ұсталды.

Тунис Ішкі істер министрлігі хабарлама жариялап, Теңіз күзетшілерінің босқындардың заңсыз жолдармен кетуіне кедергі болғанын білдірді.

Операция барысында құтқарылған босқындардың 104-і – африкалық, қалғандары тунистік.

Африканың солтүстігіндегі Тунис және Ливия секілді елдер Жерорта теңізі арқылы заңсыз жолдармен Еуропаға жеткісі келетін босқындар үшін шығу нүстесі болып табылады. Жыл сайын мыңдаған босқын жақсы тұрмыс үшін Еуропаға жету үшін Африкадан Жерорта теңізіне шығады. Босқындардың кейбірі Еуропаға жете алмай жолда қаза табады.

БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының мәлімдемешісі Карлотта Сами 4 мамырда жасаған мәлімдемесінде биылдың басынан мамыр айына дейін кемінде 500 босқынның теңізде қаза тапқанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар