Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Шабуылда зардап шеккендердің бар-жоғы әлі белгісіз.

1696368
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль әскери ұшақтары басқыншылық астындағы Газа секторына әуе шабуылы жасады.

Шабуылда Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласының батысындағы палестиналық көтерілісшіл топтарға тиесілі бір бекініс пен Газа секторының шығысындағы Әл-Зайтун ауданындағы бір егістіктің нысанаға алғаны жарияланды.

Шабуылда зардап шеккендердің бар-жоғы әлі белгісіз. Израиль БАҚ-тары әуе шабуылдарының Газадан Израильге өрт шығаратын әуе шарларының ұшырылуына жауап ретінде жасалғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар