Сомалиде 25 террорист өлтірілді

Сомали Коммуникация министрлігі Аш-Шабаб ұйымына бағытталған операция туралы мәлімдеме жасады.

1693989
Сомалиде 25 террорист өлтірілді

Сомалиде террор ұйымы Аш-Шабабқа бағытталған операцияда 25 террорист залалсыздандырылды.

Сомали Коммуникация министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда елдің орталық аймағындағы Галмудуг уәлаятында Аш-Шабабқа қарсы операция жасады.

Операцияда ұйымның 25 террорист өлтіріліп, уәлаят қауіпсіздік күштерінің 5-і қаза тапты.

Мәлімдемеде елдің Галмудуг уәлаятында қауіпсіздік күштерінің Аш-Шабаб террор ұйымына бағытталған операцияларында да соңғы 2 айдың ішінде кейбір стратегиялық жерлердің бақылауға алынғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар