ЕО Түркияның ковид-19 вакцина сертификатын тануға шешім қабылдады

Еурокомиссия Түркияны вакциналық сертификаттау жүйесіне қосады.

1694024
ЕО Түркияның ковид-19 вакцина сертификатын тануға шешім қабылдады

Еуроодақ (ЕО) араларында Түркия да бар 3 елдің жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы вакцина сертификаттарын тану туралы шешім қабылдады.

Еурокомиссия Түркия, Солтүстік Македония және Украина пайдаланатын ковид-19 вакцина сертификаттарын қабылдау туралы шешімін жариялады.

Мәлімдемеде шешімнің 20 тамыз күнінен бастап күшіне енетініне назар аударылып, 3 елдің ЕО вакциналық сертификаттау жүйесіне қосылатыны атап көрсетілген.

Еурокомиссия шешімінде беретін вакцина сертификатының «ЕО-тың цифрлық COVID сертификатымен» бірдей ерекшелікке ие болатыны және ЕО елдерінде де өтімді екені білдірілді.

Аталмыш 3 елдің де ЕО беретін вакцинация сертификатын мойындайтыны орын алған мәлімдемеде осы бағдарламамен өзара қауіпсіз саяхатты жүзеге асырудың жеңілдейтіні атап көрсетілді.

Вакцинаның екінші дозасын салғызғандар өздерінің «COVID-19 вакцина картасын» e-Nabız немесе Hayat Eve Sıgar (HES) қосымшасы арқылы ала алады.

Қарастырылып отырған вакцина сертификатында аты, тегі, Түркия Республикасы куәлік нөмірі, туған күні, салынған вакцинаның түрлері, өндірушілері мен вакцинация күндері сияқты мағлұматтар орын алады.

ЕО-тың эпидемия кезінде саяхатты жеңілдету үшін дайындаған вакцинация сертификаты 1 шілде күні іске қосылған еді.

Сертификатпен ЕО-да бекітілген ковид-19 вакциналарынан BioNTech-Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Джонсон and Джонсон салдырған және соңғы дозадан 2 апта өткен адамдарға саяхаттарында қосымша сынама немесе қосымша шектеулер қойылмайды.

Саяхат кезінде жиі тексерілетін вакцинация сертификаты барлық ЕО елдеріне қоса Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцарияда жарамды болып қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар