Гаитидегі жер сілкінісінде 304 адам қаза тапты

Гаити премьер-министрі елде 1 айлық төтенше жағдай жарияланғанын білдірді.

1691321
Гаитидегі жер сілкінісінде 304 адам қаза тапты

Гаити жағалауында болған 7,2 балдық жер сілкінісінде 304 адам қайтыс болды.

АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің эпицентрінің Сен-Жан-ду-Судтың солтүстік шығысқа қарай 12 шақырым жерде екенін хабарлады.

АҚШ Геологиялық қызметі жер қабығының 10 шақырым тереңдігінде болған жер сілкінісінің артынан көптеген дүмпудің тіркелгенін жариялады.

Гаити Азаматтық қорғаныс агенттігі жер сілкінісінде қаза тапқандар санының 304-ке жеткенін,  жаралы санының болса 2 мыңнан асқанын мәлімдеді.

Үлкен қирау мен шайқауға ұшыраған ел халықаралық қоғамды жәрдемге шақырды.

Премьер-министр Ариэль Анри жеке Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде еліндегі жер сілкінісінің «үлкен трагедия» екеніне назар аударып, «Қазіргі апатты жағдаймен күресу үшін гаитиліктердің ынтымақтастық рухы мен бірлігіне қажеттілігіміз бар» деді.

Анри елде 1 айлық төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар