Алжирдегі өрт 69 адамның жанын алды

Өртті сөндіру үшін Еуропа Одағынан ұшақ жалданды.

1689753
Алжирдегі өрт 69 адамның жанын алды

Алжирдің 18 уәлаятында шыққан орман өрттерінде қаза тапқандардың саны 69-ға жетті.

Бас қаланың 100 км шығысындағы Тизи Визу уәлаятының Сот кеңесі бас прокуроры Абдулкадир Умейруш қртте қаза тапқандардың 28-інің әскер, қалғандарының тұрғындар екенін айтты.

Умейруш қаза тапқан адам санының артуы мүмкін екенін айтып, өртті елге қарсы адамдар тарапынан шығарылғанын алға тартты.

Елде қаза тапқандар үшін бүгіннен бастап үш күн аза жарияланды.

Алжир премьер-министрлігі өртті сөндіру үшін Еуропа Одағынан ұшақ жалданғанын білдірді. Жалданған екі ұшақ Грекиядағы өрттерде қолданылған,  бүгіннен бастап Алжирдегі өртті сөндіру үшін келеді.



Ұқсас жаңалықтар