Жапонияда селден кейінгі жағдай

Жапонияда нөсерлі жаңбыр және дауылдан кейін мыңдаған адамның эвакуациялануы жайлы ескерту жасалды.

1688403
Жапонияда селден кейінгі жағдай

Жапонияда нөсерлі жауын және дауылдан кейін мыңдаған адамның эвакуациялануы жайлы ескерту жасалды. Пойыз сапарлары тоқтатылды. 

Жапония Метеорология агенттігі тоқтаусыз жаңбыр болған Хоккайдо, Аомари, Ивате провинциялары үшін лай көшкіні болуы мүмкіндігі жайлы ескерту жасады. 

Жапония Метеорология агенттігі дауыл қарқынының Хоккайдода сағатта 90 шақырымға, Тохоку мен Хокурикуда сағатта 80 шақырымға жеткенін жариялады. 

Мемлекеттік хабар агенттігі "NHK" Иватеде 2405, Аомориде 8399 , Хоккайдода 1204 адамға эвакуациялануы туралы ескерту жасады. 

 



Ұқсас жаңалықтар