Америкада орман өрті

Орман өртінде күл болған аймақ 200 мың гектарға жетті.

1688455
Америкада орман өрті

Америка Құрама Штаттарының Калифорния штатында бір айдан бері жалғасып келе жатқан орман өртінде күл болған аймақ 200 мың гектарға жетті.

Калифорнияның солтүстік батысында орман өрті 13 шілде күні басталған өртте 198 мың гектар орман алаңы бүлінді. Өрттің тек 21 пайызы ғана бақылауға алынды.

Бұл - штат тарихындағы ең ірі екінші өрт. Аймақта әзірге қалың тұман ыдырап, әуе кеңістігі ұшақтарды қолдануға ыңғайлы жағдайға келді.

Калифорния Орман және өрттен қорғау басқармасының қызметкері «Осындай ауа шарттарында өрт жылдамдай түседі.  Бірақ біз де өрт сөндіретін ұшақтарды қолдана аламыз» деді.

Калифорнияның Лос-Анджелес қаласынан да үлкен алаң зиян шекті. 680-нен астам ғимарат қолданылмайтын жағдайға келді.



Ұқсас жаңалықтар