АҚШ әскерлерін жаппай вакцинациялауды жоспарлайды

АҚШ Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1688483
АҚШ әскерлерін жаппай вакцинациялауды жоспарлайды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігі (Пентагон) американ әскерлерінің жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы жаппай вакцинациялауды талап етуде.

Қорғаныс министрі Ллойд Остин әскери бөлімшелерге жіберген хабарламада «Кеш дегенде қыркүйек айының ортасына дейін вакцинаның міндетті болуы үшін президент Джо Байденнің вакцинация үшін рұқсатын сұраймын» деді.

Остин әскери жасақтарға қанша вакцина қажет екенін анықтап, дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

АҚШ Азық-түлік пен дәрі-дәрмектер басқармасының (АДБ) Pfizer/BioNTech жетілдірген ковид-19 вакцинасына қыркүйек айында толық рұқсат беруі күтілуде.

АДБ-ның бекітуінің артынан АҚШ Қорғаныс министрлігі армияны вакцинациялауды  міндетті қыла алады.

Пентагонға қарағанда қазірге дейін 1 миллионнан астам американ сарбаз ковид-19 вакцинасының екі дозасын қабылдаса, 237 мыңнан астам сарбаз вакцинаның бірінші дозасын ектірген.

АҚШ президенті Джо Байден жазбаша мәлімдеме жасап, Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің аталмыш шешіміне риза екенін білдірді.

Байден мәлімдемесінде «Министр Остиннің кеш дегенде қыркүйек айының орталарына дейін ковид-19 вакцинасын әскерлеріміз үшін міндетті вакциналар тізіміне енгізу жөніндегі әскери бөлімшелерімізге жіберген хабарламасын мықты түрде қолдаймын» деді.

Әскерилерді «Дельта» нұсқасына қарсы вакцинациялаудың өте маңызды екенін атап көрсеткен Байден эпидемиядан құтылу үшін тек сарбаздар ғана емес, барлық азаматтарды тезірек вакцина егу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар