АҚШ-тағы орман өрттері жалғасуда

Лауазымдылар орман өрттерінде 8 адамның із-түссіз жоғалғанын білдірді.

1687446
АҚШ-тағы орман өрттері жалғасуда

АҚШ-тың Калифорния штатында жалғасқан орман өрттерінде 8 адамның із-түссіз жоғалғаны білдірілді.

Калифорния штатында шамамен 3 аптадан бері жалғасқан орман өрттері кейбір елді-мекендерге зиян келтіріп, апат шығындары артуда.

«Штат тарихының үшінші ірі өрті» болып тіркелген және «Dixie» деп аталған өрттерде кем дегенде 8 адам із-түссіз жоғалғанын жариялаған Пульмас аймағы лауазымдылары жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

1800 шаршы шақырымнан астам аумақтың өртенгенін жеткізген лауазымдылар өрттің қазірге дейін 21 пайызының бақылауға алынғанын, бірақ ауа райының арқасында басқа аймақтардағы жалынның да бірнеше күнде бақылауға алынатынын атап көрсетті.

Dixie өрті салдарынан 800-ден астам адамға қонақжайлық жасайтын штаттың солтүстік батысындағы тарихи Greenville ауданы толығымен өртеніп, 180-ден астам құрылысқа зиян келген еді.

АҚШ Ұлттық мекемелері арасы өрт сөндіру орталығы жылдың басынан бері ел көлемінде 37 мыңнан астам өрт болғанын, 3 миллион гектардан астам орман алаңының күлге айналғанын жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар