Вакцина түрлі штаммнан қорғайды

Вакциналардың Delta штаммын қамтыған жаңа типті коронавирустың барлық штаммдарына, қатты ауру мен өлім қаупіне қарсы қорғайтыны хабарланды.

1685702
Вакцина түрлі штаммнан қорғайды

Еуропа Одағы дәрі басқармасы Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) мен Еуропа Ауруларды тосу және бақылау орталығы (ECDC) мақұлдаған вакциналардың Delta штаммын қамтыған жаңа типті коронавирустың (Сovid-19) барлық штаммдарына, қатты ауру мен өлім қаупіне қарсы қорғайтынын хабарлады.

Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) мен Еуропа Ауруларды тосу және бақылау орталығы (ECDC) жасаған ортақ мәлімдемеде ең жоғары өрелі қорғау соңғы компоненттен 7-14 күн өткеннен кейін қамдалатыны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Вакцина сонымен бірге ауруы ауыр және ауруханаға жату қаупі жоғары науқастарды қорғау, вирустың таралуын азайту және уайым туғызған жаңа штаммдарды тосуда өте маңызды" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде екі ұйым мақұлдаған вакциналардың әсері жоғары екені, алайда ешқандай бір вакцинаның 100 пайыздық әсері тиетіні мағынасына келмейтініне назар аударылды.

Ортақ мәлімдемеде Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) Клиникалық жұмыстар мен өндіріс төрағасы Фергус Свеенейдің мына сөздері жарияланды:

"Вакцина салғызған адамдардың науқастануы вакцина жарамсыз деген мағынаны білдірмейді. Вакцина ектірген кісілер Ковид-19-ды ауыр өткізген кісілермен салыстырғанда тіпті жақсы жағдайда және барлығымыз толық вакцина ектіруге талпынғанымыз жөн."

15 шілдеде осындай бір ескерту жариялаған Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) қазірге дейін Еуропа Одағы елдерінде BioNTech-Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson&Johnson компаниялары өндірген вакциналарды қолдануға рұқсат берілгенін, Sinovac, Curevac, Novavax, Sputnik V және Sanofi Pasteur вакциналары бағалануда екенін хабарлады.    



Ұқсас жаңалықтар