БҰҰ нәсілшілдікпен күрес форумын құрады

БҰҰ Жалпы Кеңесі Африка текті адамдар тұрақты форумын құру ұсынысын қабылдады.

1685047
БҰҰ нәсілшілдікпен күрес форумын құрады

БҰҰ нәсілшілдікпен күрес үшін тұрақты бір ұйым құрады.

БҰҰ Жалпы Кеңесі 193 мүшенің ортақ дауысымен нәсілшілдік, нәсілге бөлу, шетелдіктермен дұшпандық және төзімсіздік мәселелерін шешуде мамандардың ұсынысын алу мақсатымен Африка текті адамдар тұрақты форумын құру ұсынысын қабылдады.

Осы аяда 10 мүшеден құралатын форум мүшелерін БҰҰ Жалпы Кеңесі тарапынан сайлауға, 5 мүшені Адам құқығы кеңесінің белгілеуіне шешім жасады.

Форумның міндеттері арасында Африка текті адамдардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатысуына қолдау беру және Адам құқығы кеңесіне, БҰҰ Жалпы Кеңесіне және БҰҰ ұйымдарының нәсілшілдікпен күрес басқармаларына "маман ұсыныстарын" беру қамтылады.

Ұсыныста Форумның Африка текті адамдардың қауіпсіздігі мен өмір шарттары және тұрмыстық қажеттіліктеріне бағытталған жұмыстарды жасауына шақыру тасталды.

Форумның алғашқы отырысын 2022 жылы өткізу, БҰҰ Жалпы Кеңесіне жылдық рапорт беруі керектігі де білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар