Израильде эпидемия қайта өршіді

Соңғы бес айдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

1684782
Израильде эпидемия қайта өршіді

Израильде коронавирус пандемиясында соңғы бес айдағы ең көп жұғу оқиғасы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына қарағанда, соңғы бір тәулікте 3 мың 818 мың адамға вирус жұққан.

Бұл – шамамен 9,3 миллион халқы бар елде соңғы бес айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Вирустан кеше таңертеңнен бері 15 адам қайтыс болған. Науқастардың 221-інің жағдайы ауыр.

Эпидемия қайта өршиді деген алаң туды.

Жергілікті баспасөз Израильдегі жұғу оқиғаларының 90 пайызының бірінші рет Үндістанда анықталған «Дельта» штаммынан туындағанын тілге тиек етті.

Бұдан бұрын вакцинация арқылы эпидемияны тізгіндеген Изриальде соңғы кездері «Дельта» штаммы артты.



Ұқсас жаңалықтар