Еліне қайтқысы келмеген желаяққа гуманитарлық виза берді

Польша беларусиялық желаяқ Кристина Тимановскаяға гуманитарлық виза берді.

1684652
Еліне қайтқысы келмеген желаяққа гуманитарлық виза берді

Польша 2020 Токио Олимпиада ойындарына ойындарында командасының жаттықтырушыларын сынағаннан кейін еліне кетуге қарсы шыққан беларусиялық желаяқ Кристина Тимановскаяға гуманитарлық виза берді.

NHK-ның хабарына сәйкес, Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Марсин Придач елінің беларус спортшыға гуманитардық виза бергенін білдірді. Ол спортшының карьерасын жалғастыру мақсатында қолдау берілетінін айтты.

Польшаның Жапониядағы өкілетті елшілігіне барған Тимановская ресми процедуралар аяқталғаннан кейін Польшаға кетеді.

Kyodo агенттігінің видеосында Тимановскаяның команда жаттықтырушыларын сынағаны көрінген еді. Желаяқ «Қысым астына алындым, мені күштеп еліме қайтарғысы келеді» деген болатын. Ол еліне қайтқысы келмеген. Әуежайында жергілікті қауіпсіздік күштерінен қорғау мәртебесін талап еткен.



Ұқсас жаңалықтар