Екі Корея байланыс желісі ашылды

Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында сағат 9-дан 17-ге дейін күнде екі мәрте телефонмен сөйлесуге болады.

1681614
Екі Корея байланыс желісі ашылды

Солтүстік және Оңтүстік Корея арасында бір жылдан бері жабық болған хабарласу желісінің кеше ашылуымен алғашқы телефон байланысы орнатылды.

Yonhap-тың хабарына қарағанда Оңтүстік Корея бірлесу министрлігінен жасалған мәлімдемеде  екі ел арасында  жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-да телефонда кездесу өткен. Тараптар арасында сағат 9-дан 17-ге дейін күнде екі мәрте телефонмен сөйлесуге болатыны білдірілді.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин арасында жабылған хабарласу желісін ашу үшін сәуірден бері жұмыс жүргізіліп, екі ел арасында желі кеше ашылған болатын. 

Солтүстік Корея үкіметі 2020 жылы Оңтүстік Корея белсенділерінің Солтүстік Корея шекарасына теңіз жолымен протест кітапшаларын жолдауына қарсы шара қолданбағаны себепті Оңтүстік Кореямен хабарласу желісін үзуге шешім қабылдаған. 



Ұқсас жаңалықтар