Палестина БҰҰ-на үн қатты

Иштиййе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Біріккен Ұлттар Ұймын "Палестинаға байланысты шешімдерді атқаруға шақырды.

1680540
Палестина БҰҰ-на үн қатты

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиййе Біріккен Ұлттар Ұйымын "Палестинаға байланысты шешімдерді атқаруға" шақырды.

Мұхаммед Иштиййе жауланып жатқан Батыс Шерияның Рамаллах қаласында ұйымдастырылған апталық кабинет жиналысындағы сөзінде:

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 28 шілде сәрсенбі күні Израильдің Иерусалимдегі заңсыздықтары мен Газа Секторындағы қоршауы және еврей мекендеушілердің Батыс Шериядағы шабуылдары мен Израиль түрмесіндегі палестиналықтардың тартқан азаптарын талқылайтынын" айтты. 

Еврей мекендеушілер мен Израиль әскерлерінің соңғы апталарда жауланып жатқан Шығыс Иерусалим мен Батыс Шериядағы шабуылдары мен заңсыздықтарына назар аударған Иштиййе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ын "Палестинаға байланысты шешімдерді атқаруға шақырды.

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиййе АҚШ Ben&Jerry's балмұздақ компаниясының Батыс Шериядағы еврей елді мекендерінде "этникалық алаңдар себепті"  өнімдерін сатуды тоқтату шешімін жасауына риза болды және осы компаниядан үлгі алуға шақыру тастады.

Батыстағы көптеген ел мен компания жауланып жатқан Шығыс Иерусалим мен Батыс Шериядағы еврей елді мекендерімен байланысты компаниялар мен Палестина территориясында салынған елді мекендерге қарасты өнімдерді бойкот етуде.



Ұқсас жаңалықтар