Юта штатындағы жол апатында 7 адам көз жұмды

АҚШ-тың  Юта штатындағы жол апатында 7 адам мерт болды.

1680289
Юта штатындағы жол апатында 7 адам көз жұмды

Америка Құрама Штаттарының Юта штатында 20 автокөліктің тізбекті жол апатында 7 адам мерт болды. 

Юта автожол басқармасының мәлімдемесіне қарағанда мемлекеттің батысында құм мен шаң адамдардың нақтылы көруіне кедергі болды. Құйын салдарынан кеше жергілікті сағат 17.00-де 20 көлік соғылысты. Жол апатында 7 адам көз жұмды, көптеген адам жарақат алды. 

Жарақат алғандар ауруханаға апарылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар