Бельгияның кейбір қалалары су тасқынына берілді

Бельгияның Намур мен Динант сияқты қалаларында су тасқыны болды.

1679716
Бельгияның кейбір қалалары су тасқынына берілді
belcika sel1.jpg
belcika sel.jpg

Бельгияда 10 күн бұрын болған су тасқыны апатының артынан елдің оңтүстік шығысындағы Намур мен Динант сияқты қалалар қайтадан су тасқынына берілді.

Намур қаласында көптеген үйдің кіреберісі мен жертөле қабаттарын су басты.

Әлеуметтік желіден аймақ тұрғындары бөліскен фотосуреттерде Динантта кейбір көліктерді сулардың сүйреп әкеткені байқалады.

Су тасқыны салдарынан аймақтағы кейбір автожолдардың жабылғаны және қорғаныс қабырғасының құлауына байланысты көптеген үйдің эвакуацияланғаны білдірілді.

Су тасқыны салдарынан мүлік мен жан шығыны туралы нақты ақпар жоқ.

Бельгияның шығысында 10 күн бұрын болған су тасқынынан 37 адам қаза тауып, ондаған үй құлаған және көптеген ғимарат жарамсыз болып қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар