Ресейлік мамандардан Түркияға мақтау

Ресейлік сарапшылар Түркияның халықаралық аренада маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.

1678971
Ресейлік мамандардан Түркияға мақтау

Ресейлік сарапшылар Түркияның халықаралық аренада маңызды рөл атқаратынын және аймақтық державаға айналғанын атап көрсетті.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясына қарасты Қазіргі заманғы халықаралық мәселелер институтында «Ресей мен Түркия: Кеше, бүгін, ертең» тақырыпты дөңгелек үстел жиналысы болып өтті.

Қазіргі заманғы халықаралық мәселелер институты директоры Олег Карпович Ресей мен Түркия қарым-қатынастардың маңыздылығына назар аудара отырып «Соңғы кездері Түркия халықаралық аренада маңызды рөл атқаруда. Сондықтан Ресей мен Түркия арасындағы өзара ықпалдасу халықаралық қарым-қатынастарда маңызды күн тәртібіне айналды» деді.

Карпович Түркияның Оңтүстік Кавказ және Орталық Азияда маңызды рөл ойнай бастағанын білдірді.

Ресейдегі Замандас Түркия зерттеулері орталығы директоры Амур Гаджиев болса Түркияның өз мүдделеріне сәйкес қозғалғанын атап, «Соңғы 5 жылда Түркия аймақтағы тұғырын күшейтіп, көрші елдерге ықпалын арттырды» деді.

Ресей мен Түркияның Сирия, Ливия және Таулы Қарабах мәселелерін шешу үшін бастамалар жасағанына назар аударған Гаджиев өзара қатынастардың «стратегиялық» деңгейде екенін еске салды.

Еуразиялық зерттеулер орталығы Қазіргі заманғы халықаралық мәселелер институты директоры Али Мұстафабейлі де Президент Режеп Тайып Ердоғанға деген құрметін тілге тиек етіп, «Ердоған - мықты көшбасшы. Ердоған тәуелсіз түрде қозғалуға тырысады» деді.



Ұқсас жаңалықтар