Ерсин Татар маңызды мәлімдеме жасады

Татар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түркиямен тіпті қою байланыста болатынын білдірді.

1677276
Ерсин Татар маңызды мәлімдеме жасады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар 20 шілде Кипр бейбітшілік қозғалысының 47 жылдығына орай маңызды мәлімдеме жасады. Ерсин Татар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түркиямен тіпті қою байланыста болатынын білдірді. 

Президент Татар жасаған жазбаша мәлімдемесінде Кипр түрік халқының азаттығын, еркіндігін және егемендігін қамтамасыз еткен бейбітшілік қозғалысының 47 жылдығын тойлауға дайындалған кезде, Понти әкімшілігі мен Грекия қарым-қатынастары арқылы кейбір актерлердің шабуылдар жасағанын еске салды. 

Еске сала кетейік, Кипр ағылшын билігі кезінде екі қоғамнан тұратын,  екі дінді құрылымда болатын. 1931 жылдан бастап Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алуға тырысқан понтилер аралды Грекиямен бірлестіргісі келді.  Халықаралық келісімдер арқылы аралда кепілдеуші құқығы бар Түркия 1974 жыл болғанда түрік халқына жасалған шабуылдардың алдын алу мақсатымен аралға кірді, аралдың шамамен жартысы түрік армиясы тарапынан құтқарылды.

 



Ұқсас жаңалықтар