Германиядағы су тасқынында 81 адам көз жұмды

Арвейлер аймағында үздіксіз жауған нөсер мен су тасқынының салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

1676148
Германиядағы су тасқынында 81 адам көз жұмды

Германиядағы су тасқынынан құрбан болғандар саны 81 адамға жетті. Жүздеген адам хабар-ошарсыз кетті.

Германияның батысындағы Рейнланд-Пфальц және Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды өңірлерінде сел және су тасқыны салдарынан көз жұмған адам саны 81-ге ұласты. 

Кобленц полициясы Рейнланд-Пфальц федералды жерінде 50 адам құрбан болғанын, Кельндегі полиция Солтүстік Рейн-Вестфалияда тағы 31 адамның қайтыс болғанын хабарлады. 

Арвейлер аймағында үздіксіз жауған нөсер мен су тасқынының салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

 



Ұқсас жаңалықтар