Пакістандағы жарылыста 10 адам қаза тапты

Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Дасу су бөгеті жұмысшылары мінген автобус жарылды.

1675077
Пакістандағы жарылыста 10 адам қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында бір автобус маңында жарылыс болып, алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 әскер, 4 шетелдік барлығы 10 адам қаза тапты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша Жоғарғы Кохистан аймағында салынып жатқан Дасу су бөгетіндегі жұмысшылар мінген автобустың маңында жарылыс болды.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда жарылыс салдарынан 2 әскер, 4 шетелдік, барлығы 10 адам қаза тауып, 39 адам жарақат алды.

Оқиға кезінде опат болған шетелдіктердің су бөгетті құрылысында жұмыс істейтін қытайлық инженерлер екені жарияланды.

Жарылыс туралы тергеу ашылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар