Жапонияда нөсер жаңбыр құйып тұр

Сел 130-дан астам үй мен құрылысқа шығын келтірілген.

1671253
Жапонияда нөсер жаңбыр құйып тұр

Жапониядағы 7 адамның көз жұмуына себеп болған селдің және көсерлі жаңбырдың 5-ші күнінде іздеу және құтқару жұмыстары жалғасуда. 

Жапонияда нөсер жаңбыр құйып тұр:  мыңдаған адам эвакуацияланбақ.

Жапонияның батысындағы Симанэ префектурасының билігі аймақта жауып толассыз жауынға байланысты көшкін жүру қаупі туындағандықтан, шамамен 140 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау туралы ұйғарым шығарды.

Бүгін Симанэ солтүстігіндегі Идзумо қаласында 75 мм жуық жауын-шашын түскені атап өтілді. Еске сала кетсек, 4 маусым күні Жапонияның орталық бөлігіндегі Атами қаласында көшкін жүруі салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 29-ы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Көшкін ұзақтығы шамамен 2 шақырым жерді құрады, 130-дан астам үй мен құрылысқа шығын келтірілген.

 



Ұқсас жаңалықтар