Украина әуе көлігі Түркияда өндіріледі

Владимир Зеленский Украинаның жақында "Bayraktar" адамсыз әуе көліктерінің келуін күткенін айтты.

1669622
Украина әуе көлігі Түркияда өндіріледі

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның жаңа соғыс кемесінің өндірісі Түркияда басталатынын айтты.

Владимир Зеленский Одесса қаласында Украина Теңіз күштері күніне орай ұйымдастырылған рәсімдегі сөзінде:

"Түрік достарымыз Украина Теңіз күштерінің кеме қорын дамытуды белсенді түрде қолдауда. Біздің алғашқы заманауи корветіміздің қаңқа құрылысы Түркияда басталды және 2023 жылдың соңында Украинада аяқталады" деді.   

Украина жақында "Bayraktar" адамсыз әуе көліктерінің келуін күткендерін айтқан Зеленский:

"Теңіз авиациямыз табыспен күшейтілуде. Жақында заманданған және әсерлі "Bayraktar" адамсыз әуе көліктерін тапсырып алуды күтудеміз" деп көрсетті.

Түркия мен Украина арасында Украина Теңіз күштерінің қажетін қамдауға бағытталған ADA  класс корветі мен адамсыз әуе көліктері саласында келісімдер жасалған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар