Индонезияда сұйық оттегі дағдарысы

Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі шақыру тастады.

1670054
Индонезияда сұйық оттегі дағдарысы

Жаңа типтегі коронавирустан (ковид-19) науқас санының көбеюі кейбір қалаларда сұйық оттегі дағдарысы тудырғандықтан Индонезия үкіметі өндірушілерге медициналық қажеттіліктерге басымдық беру жөнінде тапсырма берді.

Британдық BBC телеарнасының жаңалықтарына қарағанда елдегі эпидемиямен күресті жалғастырған ауруханалар сұйық оттегі қамтамасыз етуде күрделі мәселелермен бетпе-бет қалуда.

Сұйық оттегі қоры таусылған бір ауруханада 63 ковид-19 эпидемиясымен ауырған науқас қайтыс болды.

Бандунг қаласындағы екі аурухана медициналық оттегі қоры таусылғанын және жедел емделуге мұқтаж науқастарды қабылдай алмағандарын жариялады.

Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі лауазымдысы Сити Надия Тармизи газ өнеркәсібінен медициналық оттегі өндірісін жылдамдатуын талап еткендерін атап, халықты сұйық оттегі жинамауға шақырды.

Бандунг, Суракарта және Памекасан қалаларындағы мемлекеттік ауруханалардың жедел жәрдем бөлімшелері мен реанимация бөлімшелерінде дағдарыстың ең жоғарғы деңгейге жеткені, кейбір ауруханаларда орын жетіспегендіктен науқастарды кері қайтаруға мәжбүр болды.

Оңтүстік шығыс Азия елі Индонезияда шамамен 2,3 миллион науқас және 60 000-нан астам адамның қаза табуымен эпидемия өте ауыр өтуде.



Ұқсас жаңалықтар