АҚШ-тан Колумбияға вакцина

Колумбия мемлекет басшысы Джо Байденге алғыс айтты.

1668725
АҚШ-тан Колумбияға вакцина

Америка Құрама Штаттарынан Колумбияға жолданған Johnson & Johnson компаниясының 2,5 миллион вакцина компоненті Боготадағы Халықаралық әуежайға келіп жетті.

Вакцинаны қабылдап алу рәсіміне қатысқан Колумбия мемлекет басшысы Иван Дуке Маркес сөз сөйледі. Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденнің қолдауына алғыс айтқан Дуке «Бұл қазірге дейін аймаққа жіберілген ең ауқымды вакцина көмегі» деді.

Денсаулықты сақтау министрі Фернандо Руиз де вакцинаның алдымен елу жастан үлкен азаматтарға салынатынын білдірді.

Мемлекет басшысы Дук 28  маусым күні АҚШ президенті Байденмен телефонда сөйлесіп, Америка Құрама Штаттарының Колумбияға вакцина беретінін хабарлаған еді.

Халық саны 50 миллионға жеткен Колумбияда бүгінге дейін 4 миллион 269 мың 297 адамға жұққан коронавирус салдарынан 107 мың 137 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар