БАӘ-де Израиль елшілігі ашылды

Рәсімге Израиль Сыртқы істер министрі қатысты.

1666860
БАӘ-де Израиль елшілігі ашылды

Израильдің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі ресми түрде ашылды.

Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапид ресми сапар шеңберінде Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, Абу-Дабиде елшіліктің ашылу салтанатына қатысты.

Елшіліктің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Лапид БАӘ мен Израиль арасында өткен жылы қол қойылған қалыпқа ену келісімін бұрынғы премьер-министр Беньямин Нетаньяху жасағанын, сондықтан оған алғыс айтатынын білдірді. Ол елшіліктің ашылуының тарихи сәт екенін айтты. «Келісімдерге лидерлер қол қояды,  бірақ бейбітшілікті халықтар орнатады.  Бүгінгі оқиға осы процестің аяғы емес,  керісінше бастауы» деді ол.

Израиль Сыртқы істері елінің барлық көршілерімен бейбітшілік орнатқысы келетінін айтты.

Рәсімге БАӘ Мәдениет және жастар министрі Нура Мұхаммед әл Кааби де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар