Африкада 1,2 миллиард адам қауіпті жағдайда өмір сүруде

Африкада 1,2 миллиард адам медициналық жақтан қараусыз қалғаны себепті өте қауіпті өмір кешіруде.

1665908
Африкада 1,2 миллиард адам қауіпті жағдайда өмір сүруде

Африка даму банкі бас директры Акинвуми Адесина жасаған мәлімдемесінде Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті кезінде 1,2 миллиард африкалықтың  медициналық жақтан қараусыз қалғаны үшін қауіпті тұрмыс кешіргенін айтты. 

Адесина Африка даму банкінің коронавирус індеті кезеңінде экономикалық және медицина саласында күрес жүргізгенін, сондай-ақ Африка елдеріне берген қолдауын күшейтетінін білдірді. 

Африка даму банкінің жергілікті вакцина өндіруіне көңіл бөлетінін және Африканың медициналық жүйесіне үлкен инвестиция салатынын түсіндірген Адесина мемлекеттік медициналық ұйымдарlың 51 пайызының ғана ауыз суға және 31 пайызының да электрге ие екенін баяндады. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар