Террористтермен қақтығыс шықты

Сирия Ұлттық армиясының төрт әскері қаза тапты.

1663962
Террористтермен қақтығыс шықты

Сирияның Манбидж ауданынан «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына кіруге тырысқан сепаратистік террорлық ұйым YPG/PKK террористтерімен шыққан қақтығыста Сирия Ұлттық армиясының төрт әскері қаза тапты.

Террористтер таңертең ертемен ауданның опеациялық аймағына енуге тырысты. Әскерлер мен террористтер арасында шыққан қақтығыста Сирия Ұлттық армиясының төрт әскері қаза тапты. Террористтердің алды алынғаннан кейін Түрік Қарулы күштері де Манбидждегі ұйым бекіністерін атқылады.



Ұқсас жаңалықтар