АҚШ әскерлерінің көпшілігі Ауғанстаннан шықты

CENTCOM Ауғанстаннан АҚШ әскерлерінің көпшілігінің кері шегіну процесін аяқтағанын мәлімдеді.

1663041
АҚШ әскерлерінің көпшілігі Ауғанстаннан шықты

АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM) Ауғанстаннан АҚШ әскерлерінің көпшілігінің кері шегіну процесін аяқтағанын мәлімдеді.

АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйек шабуылының жылдығына дейін Ауғанстандағы барлық американдық күштерді елден шығару туралы қабылдаған шешімнің артынан сәуір айының соңғы аптасы басталған әскерлерді шығару жұмыстары жалғасуда.

CENTCOM жасаған мәлімдемеде «Президенттің шешімінің артынан 763 дана C-17 жүк тасымалдау ұшағымен АҚШ әскери техникасын Ауғанстаннан шығарды және Қорғаныс логистикалық агенттігіне жою үшін 14 мың 790 бөлек жабдық өткізді» делінді.

Мәлімдемеде техниканың қызметкерлердің пайдалануынан қалған материалдардан тұрғаны, араларында назарға алатындай үлкен қорғаныс құралы мен жабдығы жоқ екені атап өтілді.

АҚШ-тың Ауғанстандағы 6 әскери базаны Ауғанстан Ұлттық армиясына тапсырғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Орталық қолбасшылықтың айтуынша шығарылған әскер санының 50 пайыздан асқаны болжалуда» делінді.

Қолбасшылық шығарылған әскерлердің нақты саны туралы ресми мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар