АҚШ құрғақшылықпен күресуде

Құрғақшылық себепті су тапшылығынан тікелей немесе жанамалай ықпал көрген адам саны 94 миллионнан асты.

1662267
АҚШ құрғақшылықпен күресуде

АҚШ-тың батысында ыстық ауа райының рекорд өреге жетуі құрғақшылық қаупін асқындыра түсті. 

Елдің батыс аймақтарының мөлшермен жартысы құрғақшылық қаупінде қалды, шұғыл шаралар жасалмаса, су тапшылығының тіпті ауыр бір мәселеге айналатыны хабарлануда.

АҚШ Құрғақшылықты бақылау ұйымының (USDM) мәліметіне қарағанда елдің 38 пайызы құрғақшылыққа дөп келуде.

Мөлшермен 300 миллион гектарлық егістік алаңның құрғақшылық шарттарының әсеріне ұшырағаны білдірілді.

Құрғақшылық себепті су тапшылығынан тікелей немесе жанамалай ықпал көрген адам саны 94 миллионнан асты.

Ыстық ауа райы толқыны мен  құрғақшылық шарттарының бірлесуі өзендер мен су байлықтарының құруына, су қоймаларының толу өресінің төмендеуіне себеп болуда.

АҚШ-тың ең үлкен су байлығы Мид көлінде су өресі қазірге дейінгі ең төменгі дәрежеге түсті. 

Соңғы бір жылда жауын-шашынның жартылай азаюы, жаһандық климат өзгерістерінің де құрғақшылыққа себеп болғаны мөлшерленуде. 



Ұқсас жаңалықтар