Ауғанстандағы шабуылда  4 адам қаза тапты

Девлет Абад ауданында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда  4 адам қаза тапты.

1659987
Ауғанстандағы шабуылда  4 адам қаза тапты

Ауғанстанның Белх уәлаятының Девлет Абад ауданында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда  4 адам қаза тапты. 

Девлет Абад ауданының әкімі Джелалеттин Каризаде аудан орталығындағы қауіпсіздік басқармасы ғимараты маңында бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. 

Шабуылда 3 адам және бір қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын, 1 адамның жарақат алғанын білдірген Каризаде шабуылдың ықпалымен аймақтағы үй мен мемлекеттік ғимараттардың зақымдалғанын түсіндірді. 

Ауғанстанда мамыр айының басынан осы таңға дейін шетелдік күштерінің шегінуімен оқиғалар артты. 

Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік кеңесі өткен апта Талибанның мамыр айында 1455 шабуыл жасағанын жариялаған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар