Ауғанстанда 1 күннің ішінде 15 аймақта қақтығыс шықты

Қақтығыстарда 119 Талибан мүшесінің залалсыздандырылғаны жарияланды.

1659774
Ауғанстанда 1 күннің ішінде 15 аймақта қақтығыс шықты

Ауғанстанда бір күнде 15 аймақта Талибан содырлары мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстарда 119 ұйым мүшесі өлтірілді.

Ауғанстан Қорғаныс министрлігі соңғы тәулікте елдің Бадгис, Логар, Фаряб, Тахар, Дайкунди, Кандахар, Кундуз, Нангархар, Герат, Хелманд, Фарах, Баглан, Урузган және Бадахшан провинцияларының 15 бөлек аймағында Талибан содырларымен қақтығыс шыққанын жариялады.

Министрлік қақтығыстар кезінде 119 содырдың өлтіріліп, 84 содырдың жараланғанын, көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрінің  болса тәркіленгенін мәлімдеді.

Талибан жасаған мәлімдемеде болса соңғы 24 сағат ішінде қауіпсіздік күштерімен шыққан қақтығыстарда 30-дан астам қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқаны алға тартылды.

Талибан мамыр айының басынан бастап шетелдік күштердің елден шегінуімен Ауғанстанда шабуылдарын арттырды.

Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өткен апта Талибанның мамыр айы бойынша 1455 шабуыл жасағанын жариялаған болатын.

Екінші жағынан Талибан содырлары соңғы 2 айдың ішінде 15 ауданды өз бақылауына алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметтері бойынша, Талибан ел аумағының 50-70 пайызын бақылауда.



Ұқсас жаңалықтар