Педро Санчес Ердоғанмен кездесуін бағалады

Испания премьер-министрі Педро Санчес пен президент Режеп Тайып Ердоған Брюссельде бас қосты.

1657971
Педро Санчес Ердоғанмен кездесуін бағалады

Испания премьер-министрі Педро Санчес Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО саммиті кезінде президент Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген екі жақты кездесуінен кейін қысқа уақытта Түркия-Испания саммитін ұйымдастыруды күтетіндерін айтты.  

Педро Санчес Твиттер желісінен Ердоғанмен өткізген кездесуінің суретін жариялады және "Жақында бизнес форумымен бірге Түркия-Испания саммитін ұйымдастыру үшін ортақ тілекті бөлісудеміз. Кездесуде аймақтағы жағдайды және иммигранттар ағынын да кеңестік" деді.

Испания Сыртқы істер министрлігі де кездесуде Сирия, Ауғанстан және иммигранттар көші тақырыптары қолға алынғанын, Педро Санчестің иммигранттар ағынына байланысты  Түркияның "үлкен еңбек көрсеткенін білетінін" хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар