Африндегі шабуылда бір адам көз жұмды
Африн ауданында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған террорлық шабуылда бір адам көз жұмды, екі адам жараланды.
Сирияның солтүстігінде оппозициялардың бақылауындағы Африн ауданында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған террорлық шабуылда бір адам көз жұмды, екі адам жарақат алды.
Африннің шығысындағы Кефер Женне ауылындағы бақылау түйінінде бір көлікке тиелген бомба жарылды.
Шабуылда алғашқа белгілеуге қарағанда бір адам көз жұмды, екі адам жарақат алды.
Шабуылмен байланысты тексеру жүргізе бастаған қауіпсіздік күштері террорлық шабуылдың YPG/PKK тарапынан жасалуы мүмкіндігі жөнінде тоқталуда.
Террор ұйымы YPG/PKK науқастар емделіп жатқан ауруханаға 12 маусымда жасаған шабуылда сәбилерді қамтыған 14 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
ИЫҰ саммиті 4-5 мамыры аралығында Гамбияда өтеді
Саммит «Тұрақты даму жолындағы диалог арқылы бірлік пен ынтымақты нығайту» тақырыбымен өтеді.