Екі миллион доза екпенің таратылуы тоқтатылды

Халықтың денсаулығына қауіп төндіруге жол берілмейді.

1657725
Екі миллион доза екпенің таратылуы тоқтатылды

Африкада коронавирус оқиғалары жиі кездескен ел Оңтүстік Африка Республикасында қолданысқа ыңғайлы еместігі анықталған екі миллион доза Johnson & Johnson вакцинасының таратылуы тоқтатылды.

Оңтүстік Африка Денсаулық материалдары кеңесінің хабарламасында Америка Құрама Штаттары Азық-түлік және дәрі-дәрмек департаментінің деректеріне сүйеніп, өндіріс кезінде қажетті қауіпсіздік процедурасы жүргізілмені анықталған екі миллион доза екпе таратылмайтын болды.

Осылайша халықтың денсаулығына қауіп төндіруге жол берілмейді.

FDA тарапынан бекітілген 300 мың доза вакцина жақында осы елге жеткізіледі.

Оңтүстік Африкада коронавирустан 57 мың адам қаза тапты, 1 миллион 739 мың адам вирус жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар