BioNTech-Pfizer вакцинасы 12-17 жас тобына егіледі

Еуропа Одағының дәрі-дәрмек басқармасы Еуропа Дәрі агенттігі мамыр айының соңында BioNTech-Pfizer вакцинасының 12-15 жас тобына егілуін мақұлдады.

1655693
BioNTech-Pfizer вакцинасы 12-17 жас тобына егіледі

Германияда жаңа типтік коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы BioNTech-Pfizer вакцинасын 12 жастан жоғарғы науқас балаларға егілуді ұсыныс етті. 

Роберт Кох институтынан жасалған мәлімдемеде Тұрақты Вакцина комиссиясы  (STIKO) Ковид-19 індетін ауыр өткізуі мүмкін болғандығы себепті кейбір аурулары бар жастар мен балаларға BioNTech-Pfizer вакцинасын егуді ұсыныс еткенін хабарлады.

Дені сау 12-17 жастардағы балалар мен жастарға вакцина егу ұсыныс етілмегені білдірілген мәлімдемеде алайда дәрігерлердің ұсынысынан кейін балалар мен ата-аналарының талабы бойынша осы топқа вакцина егуге болатыны хабарланды.

Мәлімдемеде аталмыш аурулар арасында семіздік, жүрек аурулары, созылмалы өкпе және бүйрек аурулары, Даун синдромы және қант диабеті бар екені білдірілді.

Еуропа Одағының дәрі-дәрмек басқармасы Еуропа Дәрі агенттігі мамыр айының соңында BioNTech-Pfizer вакцинасының 12-15 жас тобына егілуін мақұлдады.



Ұқсас жаңалықтар