Ресей Солтүстік Македонияның дипломатын шекарадан шығарды

Ресей Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1655538
Ресей Солтүстік Македонияның дипломатын шекарадан шығарды

Мәскеу әкімшілігі Солтүстік Македонияның Ресейдегі елшілігінде қызмет атқарған бір дипломатын шекарадан шығаруға шешім қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Солтүстік Македонияның өткен айдың ішінде ресейлік бір дипломатты шекарадан шығаруға шешім қабылдағаны еске салынды.

Солтүстік Македонияның Мәскеудегі елшісі Оливера Чаушевска-Димовсканың министрлікке шақырылғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Елшіге Солтүстік Македония елшілігі қызметкерін шекарадан шығару туралы нота берілді» делінді.

Мәлімдемеде аталмыш шешімнің Солтүстік Македония тарапының орыс дипломатты шекарадан шығару жөніндегі «себепсіз» шешіміне қарсы қабылданғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар