Албания президенті міндеттен алынады

Мәжілісте104 депутат Метаның міндеттен алынуына, 7 депутат міндетін жалғастыруына дауыс берді. 3 депутат қалыс қалды.

1654971
Албания президенті міндеттен алынады

Албания Мәжілісі президент Илир Метаның Атазаңға қайшылық жасағаны себепті міндеттен алынуы талабын мақұлдады.

Мәжілісте 104 депутат Метаның міндеттен алынуына дауыс берді, 7 депутат міндетін жалғастыруына дауыс берді. 3 депутат қалыс қалды.

Дауыс беру алдында Мәжіліс Тергеу комиссиясының Мета жайлы ұсынған рапортында "Президент Илир Метаның Атазаңға ауыр қайшылық жасағаны" білдірілді. 

Мәжілісте сөз сөйлеген премьер-министр Эди Рама Метаның әрекетін "опасыздық" деп бағалады және:

"Мета Атазаңға елеусіз қарады. Албания енді оны қолдамайды" деді.

Мәжіліс шешімінің Атазаң сотына ұсынылатыны және Метаның міндеттен кетуі жайлы соңғы шешімнің үш ай ішінде жасалатыны хабарланды.

Мета міндеттен кетсе, Албания Мәжіліс төрағасы Грамоз Ручи президенттік міндетін атқарады.   



Ұқсас жаңалықтар