Цифрлық ковид сертификаты қабылданды

Еуропа Одағы азаматтары осы сертификатпен саяхаттай алады.

1654587
Цифрлық ковид сертификаты қабылданды

Еуропа парламенті одақ территориясында саяхаттарда қолданылатын Цифрлық ковид сертификатын қабылдады.

ЕП кеше дауысқа салынған жобаның 690 дауыспен қабылдағанын хабарлады.

Еуропа Одағы кеңесінің бекітуінен кейін шешім Ресми газетте жарияланады.  Артынан 1 шілде күні күшіне енеді.

ЕО Комиссиясы төрағайымы Урсула вон дер Ляйен 20 мамыр күні вакцина сертификаты тақырыбында ЕО комиссиясы, ЕО Кеңесі және ЕП арасында жүргізілген келіссөздің келісіммен аяқталғанын хабарлаған еді. Келісімге сәйкес Еуропа Одағына мүше елдер сертификат күшіне енетін 1 шілде күнінен бастап қосымша тест немесе карантин секілді саяхат шектемелерінен аулақ болады.

Халық денсаулығын сақтау секілді қажетті жағдайларда елдер қосымша шара қолдана алады. 

Сертификат тегін болады. Қағаз немесе цирфлық түрде дайындалады.

Вакцина сертификаты адамдардың коронавирус вакцинасын ектіріп ектірмегенін, ектірген болса қайда және қай екпені ектіргенін көрсететін мәліметті, вирус жұқтырғандардың сауығып кеткені және антидене деңгейіне байланысты мәліметті қамтиды.

Сертификат арқылы Еуропа Одағында бекітілген ковид вакциналарын ектірген кісілер саяхаттай алады.

Еуропа Одағы қазірге дейін BioNTech-Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson and Johnson компанияларының вакциналарын бекітті.



Ұқсас жаңалықтар