Салливан Байден мен Ердоған кездесуіне тоқталды

Джейк Салливан Ердоған мен Джо Байденнің Брюссельде өтетін кездесуін бағаландырды.

1653462
Салливан Байден мен Ердоған кездесуіне тоқталды

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливан президент Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуде Жерорта теңізінің шығысы, Сирия, Иран, Қарабах пен Ауғанстан тақырыптарын қолға алатынын білдірді.

Джейк Салливан Ақ Үйдің өкілі Джен Псаки ұйымдастырған күнделікті баспасөз жианлысына қонақ болып, Байденнің 10 маусымда басталатын Еуропа сапарын баяндады және журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Президент Ердоған мен Джо Байденнің 14 маусымда Бельгия астанасы Брюссельдегі НАТО саммиті аясында жоспарлаған екі жақтылы кездесуі жайлы бағаландыру жасаған Джейк Салливан:

"Екі лидердің Жерорта теңізінің шығысы, Сирия, Иран, Қарабах сияқты аймақтық тақырыптарда кең және көлемді күн тәртіптері болады" деді.

Джейк Салливан:

"Президент Джо Байден Президент Ердоғанды жақсы біледі және бұл екі кісі бірге көп уақыт өткізді. Байден мен Ердоған қарым-қатынастарды жан-жақтылы талқылау үшін осы орайдан пайдалануды асыға күтуде" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар